- Басты
- Жаңалықтар
- Екібастұздағы отын-энергетика саласындағы мамандарды даярлау орталығының құрылысы 2017 жылы аяқталады
Екібастұздағы отын-энергетика саласындағы мамандарды даярлау орталығының құрылысы 2017 жылы аяқталады
Екібкастұз қаласының әкімдігінде өткен жиналыста «Кәсіпқор» холдингінің тапсырысы бойынша Астана қаласының мамандары құрастырған өңіраралық оқу орталығының жобалау-сметалық құжаттары жақын арада мемлекеттік сараптамаға жіберілетіні белгілі болды. Қазіргі кезде жобаның алдын ала есептелген құны 2,8 миллиард теңгені құрайды. Жобаны құрастырушылардың айтуынша алдағы уақытта орталықтағы хауызды демонтаждау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, жоба бойынша оқу корпустарының қабырғаларын жылыту мен дренаж жүйесінің құрылысын бастау жоспарлануда.
«Жобаны үстіміздегі жылы мемлекеттік сараптамадан өткізіп, келесі жылға оқу орталығының құрылысына қажетті қаражатты бюджет жоспарына енгізу қажет. Екібастұз қаласының әкімі бұл жобаны тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Сонымен бірге, қалалық әкімдік осы жылдың соңына дейін суағар жүйелерінің жобасын тапсыруы керек», - деді Болат Бақауов.
Жобаны бекіткеннен кейін оқу орталығы облыстық атқарушы органдардың коммуналдық меншігіне беріледі.
Атап өтерлігі, Екібастұз өңіріне жұмыс сапары барысында аймақ басшысы бірнеше кәсіпорында, олардың ішінде Қазақстан вагон жасау компаниясында да болып қайтты. Компания өзінің жұмысын қайтадан жандандырып, жылдың соңына дейін 200 вагон шығаруды жоспарлап отыр.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Абай жылының айшықты тұстары -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер