- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ОАР сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты реттейді – ҚР СІМ (ФОТО)
Қазақстан мен ОАР сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты реттейді – ҚР СІМ (ФОТО)
Қазақстандық делегацияны – сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов, оңтүстік африкалық делегацияны ОАР Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық департаменті (министрлік) министрінің орынбасары Номаиндия Мфекето басқарды.
Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. А. Қамалдинов әңгіме барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырды, сондай-ақ оңтүстік африкалық делегацияның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.
Олар Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты емес мүшелік етуі аясында тиімді өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтіп, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Министрліктің деректері бойынша, оңтүстік африкалық тарап екіжақты қатынастарға жоғары баға берді. Келіссөз барысында делегация басшысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ерекше атап өтті. ОАР сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасының барлық бағыттар бойынша, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін қажетті әлеуеті бар екенін мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, оны 2015 жылғы желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан Парамаунт» зауытының ашылуы растайды. Осы зауыт өнімі 2016 жылғы маусымда Астанада өткен «КАДЕКС-2016» әскери техника көрмесі барысында күшті әсер туғызды.
Консультациялардың қорытындылары бойынша, алдағы кезеңге әріптестікті дамыту жөніндегі бірлескен қадамдар бекітілген екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының саяси консультацияларының бесінші кезеңінің хаттамасына қол қойылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды