- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі америкалық павильонын ұйымдастырушы компанияның аты белгілі болды
Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі америкалық павильонын ұйымдастырушы компанияның аты белгілі болды
Мемлекеттік департамент «APCO Worldwide» консалтинг компаниясын бұл лауазымға таңдады.
Іс-шара барысында АҚШ Энергетика министрі Эрнест Мониз, АҚШ Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісі Ниша Бисвал, Америка-Қазақстандық іскерлік ассоциацияның атқарушы директоры Сара Фриз сөз сөйлеп, америкалық іскерлік және ресми топтарының, қоғамдық ұйымдарының және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның тікелей эфир трансляциясы Мемлекеттік департаменті, Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі және Америка-Қазақстандық іскер ассоциацияның Твиттер мен Фэйсбук аккаунттары арқылы таратылды
Мемлекеттік хатшының көмекшісі Бисвал Қазақстан мен АҚШ қатынастарының одан әрі дамуындағы ЭКСПО-ның басты ролін және оның америкалық компанияларға болашақ энергиясын пайдаланудағы технологиялық жаңалықтарын көрсетуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. АҚШ Америкалық павильонын ұйымдастырушы компаниясын анықтап, Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысуға белсенді атсалыса бастады. Америкалық дипломат сөзі бойынша, бұл Қазақстанмен ынтымақтасуға мүдделі жекеменшік компаниялардың қаржылай көмегінің арқасында мүмкін болды.
Министр Мониз энергетика, ядролық қауіпсіздік және таратпау салаларындағы екіжақты стратегиялық әріптестікті жоғары бағалап, Қазақстан осы салаларда АҚШ-тың маңызды әріптестікті деп атап өтті. Ол өзінің сәуір айындағы Астанаға сапарын жылы лебізбен еске алып, Қазақстанды «әйгілі қонақжайлылығы» мен дүниежүзі процестерінің болашағын анық көруі үшін алғысын білдірді. Инновациялар дамуының жаһанды трендіне назар аударып, Э.Мониз Казақстандық көрменің инновациялық бағытын және «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» тақырыбының өзектілігін қанағатпен атап өтті. Энергетика министрі АҚШ ұлттық павильонын онда америка ғылыми-техникалық лабораториялардың жаңа өнімдерін көрсету арқылы қолдауға дайындығын жария етті.
«APCO Worldwide» компаниясының жеңімпаз атануынан кейін оның басшысы Марджери Краус: «Ұлттық павильонды ұйымдастыру құрметті миссиясын атқаруға тағайындалуымыз біз үшін үлкен абырой» деді. Ол болашақ павильонның тұжырымдамасын сын жасау, тәжірибелі әріптестерді тарту бойынша атқарылған жұмыс пен құлшыныспен жұмысқа кірісуге дайын персоналы туралы сөз қозғады. Сол күні болашақ павильонның аты белгілі болды – «The source of infinite energy» («Таусылмас қуат қайнар көзі»).
Жақын арада Мемлекеттік хатшының саяси мәселелер бойынша орынбасары Томас Шэнон бастаған делегация Астанада сапармен болып, Америкаға арналған павильонды қарап шықты. Дипломат сөзі бойынша, «бұл павильон үшін керемет ғимарат», және америкалық тарап көрмеге дайындығын бастау үшін бюрократиялық рәсімдерді тездетеді.
«ЭКСПО-201» көрмесі Астана қ. 2017 жылы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін өтеді, оған 100-ге жуық қатысушы мемлекеттер мен 10-ға таман халықаралық ұйымдар қатысады де күтілуде. 2017 жылғы дүниежүзілік мамандандырылған көрмеде қатысушы-мемлекеттер сарқылмайтын энергия көздерін пайдалану саласындағы жетістіктерін және экологиялық тазалық, арзандық және қоршаған орта үшін залалсыздық секілді артықшылықтарын көрсетеді. Қазақстан үшін «ЭКСПО-2017» маңызды оқиға болмақ: осы тектес халықаралық көрме Орталық Азия және ТМД өңірінде бұрын-соңды өтпеген болатын.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек