- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстік Кореяның жетекші туроператорлары ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетеді
Оңтүстік Кореяның жетекші туроператорлары ЭКСПО-2017 көрмесіне қолдау көрсетеді
Мұндай келісімге Сеулде «Астана ЭКСПО» Ұлттық компаниясы» АҚ мен Оңтүстік Кореяның «Kim's Travel Service Co., Ltd» және «KORAIL Tourism Development Co. Ltd.» туроператолары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды.
Іс-шараға «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Қазақстан-Корея ынтымақтастыққа ықпал ету орталығының директоры Ву Джонг Хи, «Kim's Travel Service Co., Ltd» президенті Ким Чун Чу және «KORAIL Tourism Development Co. Ltd.» президенті Бэнг Чан Хун қатысты.
Келісім шеңберінде кореялық әріптестер Ұлттық компанияға туризм мәселелері бойынша консультациялық, ақпараттық-сараптамалық және әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуде, сонымен қатар, өз елдерінің аумағында қазақстандық турпакеттерді таратуды қамтамасыз етуде көмек көрсетуге ниетті.
«Бүгінгі таңда біздер отандастарымыздың тарапынан Қазақстанға деген және ЭКСПО-2017 көрмесіне үлкен қызығушылықтың барын байқап отырмыз. Сіздердегі туристік пакет, сондай-ақ, Көрменің қызықты мәдени-ойын-сауық бағдарламасы Кореядан мыңдаған туристерді тартатындығына сенімдімін», - деді ВУ Джонг Хи ханым.
Өз кезегінде, Ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов кореялық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбына қызығушылық танытқаны үшін және Көрмеге Кореяның бизнес қауымдастығы тарапынан білдірілген қолдау үшін алғыс айтты.
«Бүгінде Самсунг пен Сигантек сияқты жетекші кореялық компаниялар ЭКСПО-2017 көрмесінің әріптестері болып табылады. Көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбы Кореяда, әсіресе бизнес үшін, өте өзекті деп ойлаймын. Туризмге келетін болсақ, біз көрмеге келушілер ағынында Сіздердің республикаларыңыздан күтеріміз көп. Сеулдан Астанаға және Алматыға тікелей әуе қатынасы арқылы ғана Көрме басталардан 93 күн бұрын 25 мыңдай адам келуі мүмкін. Оның үстіне, біздің мемлекеттеріміз арасында визасыз кіру режимі орнатылған», - деді Ахметжан Есімов.
Іс-шара аяқталғаннан кейін кореялық тараптың бастамасы бойынша және Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақстан-Корея ынтымақтастыққа ықпал ету орталығының салтанатты ашылуы өтті, бұл орталық сонымен қатар, Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету орталығына да айналатын болады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Елімізде ана мен балаға қандай әлеуметтiк қолдау көpсетiледi -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Дәрігер: «Пандемияда науқасқа психологиялық қолдау көрсету де оңай емес»