• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еңбек нарығы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына тапсырыс жасамайды – БҒМ

Еңбек нарығы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына тапсырыс жасамайды – БҒМ

9 Желтоқсан, 2013 12:55
Техникалық дәне кәсіби білім беру сапасы жұмыс берушілердің тапсырысын қанағаттандырмайды. Бүгінде еңбек нарығы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына тапсырыс жасамайды, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов ҚР Парламент Мәжілісіндегі Үкіметтік сағатта.

«Қазіргі таңда 562 мың білім алып жатқан елімізде 849 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары бар. Оқыту 181 кәсіп пен 476 мамандық бойынша жүргізілуде. Осыған қарамастан аталмыш ұйымдардың білім беру сапасы жұмыс берушілердің сұранысын қанағаттандырмайды. Бүгінде еңбек нарығы кәсіби және техникалық білім беретін ұйымдарға тапсырыс жасамайды. Жыл сайын 16 мың жас маман кәсіп иегере алмай қалады. Олар ешқай жерде жұмыс істемейді. Солардың 8 мыңнан астамы мектеп түлектері және ЖОО мен колледждерден шығарылғандар», - деді Бас ұстаз.

Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 7,5 мың ұстаз тастап кеткен. Олардың көпшілігі жоғары дәрежелі және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар. Жыл сайын колледждерде мұғалімдікке 1 қыркүйек сайын 1 мың мұғалім тапшылық етеді.

«Кәсіпкерліктер талаптары тарапынан білім беру сапасын сай ету үшін жұмыс берушілердің қатысуымен түлектердің біліктіліктерін арттырудың тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілуде. Мұнай-газ, кен игеру және туристік саланың жұмыс берушілерінің біріккен біліктілікті нақтылау тәуелсіз орталықтары құрылды.

Сонымен қатар, 176 колледжге дуалды оқыту жүйесі элементтері енгізілді. Халықаралық талаптарға сай, 39 кәсіп бойынша модульдік бағдарламалар мен 147 мамандық бойынша кәсіптік стандарттар дайындалды.

2016 жылға қарай Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырысты 53 мыңға арттырмақ. Аталмыш ұйымдарды мұғалімдермен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 1,6 мың жоғары білікті маман өндірістен тартылмақ.

Барлық жаңалықтар