• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Грекия гректердің жер аудару тарихы тұралы мұрағат құжаттарымен алмасуда

Қазақстан мен Грекия гректердің жер аудару тарихы тұралы мұрағат құжаттарымен алмасуда

12 Қараша, 2016 11:34
Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Елшісі Алексей Волков мәдени-гуманитарлық және діни мәселелеріне жауапты Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Яннис Аманатидиспен кездесу өткізді, деп хабарлады СІМ.

Кездесу барысында А.Волков грек әріптесімен мәдениет, білім және дін салаларындағы екіжақты өзара әрекеттестік мәселелерін талқыға салды. Я.Аманатидис елімізде ұлтаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауды мақсат тұтқан Президент Н.Назарбаевтың бастамашылығымен құрылған бірегей қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен таныстырылды. Қазақстанның ұлтаралық және конфессияаралық бағытындағы зор тәжірибесін атап өткен грек дипломаты кезекті Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуға және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысуға қызығушылық танытты.

Я. Аманатидиске сталиндік дәуірде Қазақстанға жер аударылған қазақстандық гректердің тарихын, олардың 1990-шы жылдары тарихи отандарына қайту және бүгінгі Қазақстанда қалып, ғұмыр кешіп жатқан гректер жайлы айтып берді. Тараптар ортадағы бар «достық көпірі» екі мемлекет халықтарының сауда-экономикалық және мәдени салаларында жақындаса түсінуіне ықпал болу керектігімен келісті.

Грек дипломаты Қазақстанға депортацияланған гректерге қатысты зерттелмеген құжаттарға жол ашу мақсатымен мұрағат ісі, мұрағат материалдары мен архивтердің цифрлік көшірмелерімен алмасу саласында екіжақты ынтымақтастықты бастау ұсынысын қолдап, соған сәйкес келісімге қол қою қажеттігін растады.Келіссөздер барысында тараптар екі мемлекеттің православиелері арасында Парламентаралық православие ассамблеясы шеңберінде ынтымақтастықты өрбітігу қызығушылық білдірді.

Барлық жаңалықтар