- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда биыл ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін төрт жаңа орталық ашылды
Алматыда биыл ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін төрт жаңа орталық ашылды
Жаңа психологиялық – педагогикалық түзету Орталығы қалалық Білім басқармасы мен «Дара» қайырымдылық қорының бірігіп жұмыс істеуі арқасында ашылды, бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек осы мекемеде болды. Жаңа орталық №128 орта білім беретін мектеп базасында ашылды әрі 2016 жылы ашылған төртінші түзету мекемесі болып табылады.
Бүгінде мегаполисте ерекше күтімді қажет ететін 7 мыңнан астам бала бар. Соңғы 9 айдың ішінде психологиялық – педагогикалық түзету кабинеттерінде 877 балаға көмек көрсетілді, ал 5588 бала психологиялық - медициналық-педагогикалық консультациялардан өтті. Жаңа мекеменің ашылуы барысында 55 жаңа тұрақты жұмыс орны пайда болды әрі жылына 800-ден астам бала оңалту мүмкіндігіне ие.
«Дара» қайырымдылық қорының директоры Мәдина Бакиева Орталықтағы әр балаға түзету көмегін көрсетумен арнайы мамандардың айналысатынын, оларға жеке әрі топтық қолдаулар жасалатынын айтты. Сонымен қатар, жеке және топтық сабақтар да өтеді. Бұдан былай көзі нашар көретін, құлағы шалыс еститін, қиын қозғалатын, сабақты ауыр қабылдайтын кез - келген баламен жоғары білікті психолог, сурдопедагог, логопед, массажист, дефектолог жұмыс істеп, кешенді көмек көрсететін болады.
Негізінен, Орталық қажетті заманауи оңалту құрал- жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген, олар: емдік дене шынықтыру жаттығуларына арналған кешендер,Монтессорри құрал-саймандары, «Дельфа» есту мен сөйлеуге ықпал ететін компьютерліқ бағдарламалар, дамыту ойындары мен материалдары. Екі орталықта есіктер тоспаларынсыз, табалдырықсыз, түс белгілерінсіз, тұтқаларсыз, бір сөзбен айтқанда «кедергісіз» орта құрылған. Мұндай орта балаларға ерекше әсер етеді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады