• Басты
  • ҚХА-ның қоғамдық келісім кеңесі жұмыс қорытындысын шығарды
11 Қараша, 2016 18:50

ҚХА-ның қоғамдық келісім кеңесі жұмыс қорытындысын шығарды

Астанада ҚХА кеңейтілген отырысы барысында Тәуелсіздіктің 25 жылындағы ҚХА қоғамдық кеңесінің қорытындысы шығарылды.
ҚХА-ның қоғамдық келісім кеңесі жұмыс  қорытындысын шығарды

«Біз ҚХА-ның 25 жыл ішіндегі  қоғамдық келісім кеңесінің  жұмыс қорытындысын шығардық. ҚР Президентінің тапсырмасымен Ассамблеяның  20-шы сессиясы барысында қоғамдық келісім кеңесі 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында әлеуметтік үрдістің тиімді қоғамдық операторы ретінде таныстырды. Елбасы мемлкеттің жаңа құрылымында Ассамблеяның басты мақсаты этникаралық келісім ғана емес, қоғамдық келісім екенін айтты», - деді ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко.

Л.Прокопенко кеңестің негізгі міндеті – азаматтық принципі негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу болып табылатындығын атады.

Айта кетейік, іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік мекемелердің, ҚХА, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сонымен қатар кеңес жұмысына РФ ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің басшысы Игорь Баринов, Қазақстандағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников, ресейлік делегацияның мүшелері – Ресей халықтары Ассамблеясының өкілдері, ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында ҚХА Қоғамдық кеңестерінің тәжірибесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі ҚХА депутаттық тобы жұмысының нәтижесі және т.б. мәселелер қаралды.

Сурет: Азамат Әлиев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды