- Басты
- ЭКСПО туралы заңның 8 заңнамалық актісіне түзетулер енгізіледі – М. Егімбаева
ЭКСПО туралы заңның 8 заңнамалық актісіне түзетулер енгізіледі – М. Егімбаева

«ЭКСПО туралы заңменен сегіз заңнамалық актіге, оның ішінде бюджеттік және салық кодекстеріне түзетулер қарастырылған», деп атап көрсетті М.Егімбаева өз сөзінде.
М.Егімбаева сондай-ақ, енгізілген түзетулерге тоқталып өтті.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге үміткер елдердің арасындағы конкурстың аясында міндеттемелерді орындау мақсатында,
аталмыш Заңменен ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін салықтық жеңілдіктер, көрме объектілеріне қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырудың оңайлатылған тәртібі, сондай-ақ шетелдік стандарттарды қолдану мүмкіндігі және т.б. жеңілдіктер көзделген.
Сонымен қатар, Бюджеттік кодексте «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын мемлекеттік бюджеттен жедел мақсатты салым түрінде қаржыландыру мүмкіндігі ескерілген.
«Техникалық реттеу туралы» заңына толықтырулар енгізіліп, олар көрмеге дайындалу және оны өткізу аясында қызмет, жұмыс және тауарларға қатысты шетел сертификаттарын қолдануын, ЭКСПО-2017 объектілерін жобалау және құрылыс жүргізу кезінде халықаралық стандарттарды пайдалануын реттейді.
«Астана - жаңа қала» АЭА қатысушысы мәртебесін алудың жеңілдетілген тәртібін енгізу мақсатында мердігер құрылысшылар үшін «Арнайы экономикалық аймақтар» туралы заңға өзгертулер енгізілген.
Ал «Халықтың көші-қоны туралы" заң көрмеге қатысу үшін келген жеке санат адамдарды тіркеу және олардың елімізге келуі туралы ерекше тәртібін анықтауды мүмкіндік беретін қағидаларымен толықтырылды.
Сонымен қатар, әлемдік масштабтағы жаңа энергия сақтау технологияларын пайдалану элементтерін қоланып, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында нысандарды салу және жобалау тәжірибесі бар шетел мамандарын жұмысқа тарту тәртібін жеңілдету жоспарланған.
-
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру мүмкіндігі
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы

