• Басты
  • Астанада «Eurasian Book Fair – 2016» көрмесінде 15 елдің өкілі кітап шығару ісін талқылады

Астанада «Eurasian Book Fair – 2016» көрмесінде 15 елдің өкілі кітап шығару ісін талқылады

11 Қараша, 2016 18:37
Орталық коммуникациялар қызметінде 2016 жылдың 9-12 қарашасы аралығында Астанада «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің өтуіне арналған баспасөз конференциясы өтті.

2016 жылдың 9-12 қарашасы арасында Астанада «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Іс-шара бір көрме орталығының қабырғасында Еуразия кеңістігінің 15-тен аса мемлекеттерінен келген 80-нен аса компаниялардың өкілдерін біріктірді.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мельдешов, Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі атқарушы дирекциясының өкілі Раушан Тұрлынова, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Мемлекеттік бұқаралық ғылыми-техникалық кітапханасы кітаптану зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Ольга Альшевская және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақтың қатысуымен Кітап мәдениеті және оның қазіргі әлемдегі өзгерісі туралы баспасөз мәслихаты болды.

Еуразия кеңістігіндегі ең ірі мәдени-ағартушылық шара болып табылатын «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған.

«Түрлі мемлекеттердің кітап саласының өкілдерін Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында біріктіру идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Бүгінгі таңда Астана – Еуразия кеңістігінің ең серпінді дамып және тез құрылып жатқан мегаполистерінің бірі ретінде  инновациялық және интеллектуалды технологияларды енгізі орталығына айналды», - деді Ғалымжан Мельдешов. Оның ақпараты бойынша, көрменің негізгі тақырыбы Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев айқындаған еуразияшылдық идеясы болып табылады.

Өз кезегінде Раушан Тұрлынова айтып кеткендей, «Eurasian Book Fair – 2016»  Еуразия кеңістігінің Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Германия, Украина, Польша, Грекия, Албания, Иран және т.б. мемлекеттері кітап қауымдастығы өкілдерінің басын қосты. Көрме-жәрмеңкенің құрметті қонағы Беларусь Республикасы болса, орталық эспозияцияны Ресей Федерациясы өткізуде.

«Көрме-жәрмеңкеге қазақстандық және шетелдік 80-нен астам баспа үйлері, мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар, оқу орындары және полиграфиялық компаниялар атсалысуда. Қатысушылардың әрқайсысы кітап шығару және полиграфия саласындағы жетекші баспа үйлерінің заманауи кітап өнімдерінің ассортименті және жаңа технологияларының үлгілерін ұсынуда», - деп хабарлады Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі атқарушы дирекциясының өкілі.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, көрме шеңберінде кең мәдени бағдарлама жүзеге асырылуда. Көрме-жәрмеңке жұмыс істейтін күндердің әрқайсысының әр сағаты түрлі мәдени-сауық, ғылыми шараларға толы. Іс-шаралардың көпшілігін көрме иелері – қазақстандық баспа үйлері және қоғамдық ұйымдар ұсынуда. Нақтылар болсақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстанның музей топтамалары, тарихы және мәдениеті туралы бірегей басылымдардың тұсауын кессе, Қазақстан Ұлттық кітап палатасы философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есімнің жаңа кітабының таныстырылымын өткізді.

«Кітап көрме-жәрмеңкелері – кітап ісінің катализаторлары мен модераторлары болып табылады», - деп Орткомдағы брифингте пікірін білдірді Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Мемлекеттік бұқаралық ғылыми-техникалық кітапханасы кітаптану зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Ольга Альшевская. Ол кітап көрмелері мен жәрмеңкелері кітап ісі жүйесін құрайытн маңызды бөлігі ретінде кітаптарды тарату және қолдану үрдістерінің маңызды бөлігі екендігін түсіндірді.

«Қазіргі әлемде оқырмандар саны мен сауаттылық деңгейінің сапалық төмендеуі маңызды әлеуметтік-мәдени проблема болып табылады. Бүгінгі заманның өзекті проблемаларына жауап ретінде жыл сайын өтетін аймақтық көрме-жәрмеңкелер оқуды қолдауға бағытталған шаралардың катализаторы мен модераторына айналды. Осының нәтижесі ретінде олар мемлекеттер мен халықтардың мәдени үрдістерінің өзара әрекеттесуінің өзіндік құралы қызметін атқарады», - деп қосты Ресей Федерациясының өкілі.

Спикерлер тоқталып кеткендей, іс-шараның кең мәдени бағдарламасы кезінде ресми тұлғалар, баспа үйлерінің, кітап саудасы ұйымдарының басшылары, халықаралық сарапшылар, танымал жазушылар мен ақындар, баспа жобаларын қолдайтын ұйымдар мен қорлардың, кітапхана, білім беру және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері сала дамуының өзекті мәселелерін талқылап, мемлекеттік, қоғамдық және және кәсіпкерлік құрылымдардың рухани-өнегелі ағартушылық, білім және мәдениет саласында халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.


 

Барлық жаңалықтар