Мәжіліс Бюросында алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер талқыланды

11 Қараша, 2016 12:54
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті.

Алдағы жалпы отырыста халық қалаулылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялайтын  заң жобасын қарайды деп күтілуде.

Келісім төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою саласындағы ТМД-ға қаьысушы мемлекеттердің құзыретті органдары ынтымақтастығының құқықтық негіздерін белгілеуге бағытталады.

Сонымен бірге, осы күні Палата экологиялық мәселелерге қатысты түзетулерге байланысты Заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ.

Барлық жаңалықтар