- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент Мәжілісіне пробация туралы заң жобасы енгізілді
Парламент Мәжілісіне пробация туралы заң жобасы енгізілді
Қазақстанда пробация қызметі 2012 жылғы ақпан айында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне пробация қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңына сәйкес енгізілген болатын. Ал жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерінде сотталғандардың бостандығын шектеуге, бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға қатысты пробациялық бақылау белгілеу және сот оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеген босатылған адамдардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету көзделген.
Әлемдік тәжірибеде пробацияның төрт (сотқа дейінгі, шарттық-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық) сатысының бар екендігін атап өту керек. Бүгінгі күні Қазақстанда пробацияның шарттық-үкімдік және постпенитенциарлық сатысы жұмыс істейді. Аталған шара барысында Қазақстандағы пробация институтын дамытудың перспективасы талқыланып, негізінен пробацияның барлық сатысы көзделетін «Пробация туралы» дербес заңды әзірлеу қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді.
Вице-министр атап өткендей, 2015 жылы жаңа қылмыстық және қылмыстық-атқару кодекстерi қабылданған соң пробациялық бақылауға алынатын адамдардың тiзiмi кеңейтiлген. Атап айтқанда, мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылғандар, бас бостандығы шектелгендер және сот шешiмiмен әкiмшiлiк қадағалауға алынған адамдар осы тiзiмге қосылды.
«Қазiрi уақытта елiмiзде пробацияның екi үлгiсi бар: бас бостандығынан айыруға қатысты емес жаза алған адамдарға қолданылатын үкiмдiк және мерзiмiнен бұрын шартты түрде босатылғандар, жазасын өтеп шыққандар мен әкiмшiлiк қадағалауға алынған адамдарға қолданылатын постпенитенциарлық пробация», - дедi Р.Жақыпов.
Осы ретте, оның айтуынша, пробация қызметiнiң жұмысы айтарлықтай көбейген. Бұл қызметте тiркеуде тұрған адамдардың саны 9 мыңға дерлiк - 39 мыңнан 48 мың адамға дейiн артты. Оларға мамандық алып, жұмыс табуға, ем қабылдауға, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-құқықтық көмек алуға қолдау көрсетiлген. Бұл жұмыс қайтадан жасалатын қылмыстың азаюына ықпал еттi. Өткен жылы пробациялық бақылауға алынған азаматтардың арасында жасалатын қылмыс деңгейi 30 пайызға қысқарыпты.
«Жаңа заң жобасы пробацияның тағы екi үлгiсiн енгiзудi қарастырады. Бұл - сотқа дейiнгi және пенитенциарлық пробация. Сотқа дейiнгi пробация кәмелеттiк жасқа толмағандар, зейнет жасындағы әйелдер, жүктi әйелдер, мүгедектер, зейнет жасындағы ер адамдар, үш жасқа дейiнгi баласын жалғыз асырап отырған ер адамдарға қатысты қолданылатын болады. Бiрақ сотқа дейiнгi пробацияның үйде қамауда ұстау және қамауда ұстау бұлтартпау шаралары қолданылатын адамдарға қатысы жоқ», - дедi вице-министр.
Ал пенитенциарлық пробация үлгiсi пробация қызметi мен қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшiлiгiнiң бiрлесуiнен және сотталушыны босатуға дайындау мен қайта әлеуметтендiрудiң жеке бағдарламасын iске асырудан тұрады. Бұл пробация жазасын өтеуiне 1 жыл қалған сотталғандарға қатысты болады.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері