- Басты
- Жаңалықтар
- Жапонияның туристік компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту бойынша жұмыс жүргізеді
Жапонияның туристік компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту бойынша жұмыс жүргізеді
Іс-шараға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының Төрағасы А.Есімов және AllCo. Ltd. компаниясының президенті Казухиса Каваками қатысты.
Кездесуде Каваками мырза оның компаниясы үшін Қазақстанға келу туристік бағдарлардың арасында басымдылық танытатындығын және енді осы шарт шеңберінде AllCo. Ltd Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесін Жапония аумағының барлығында ілгерілетуге дайын екендігін айтты.
«AllCo. Ltd ЭКСПО-2017 көрмесіне барумен қатар, Астана қаласына және Бурабайға турлар сатуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде біз бүкіл ел бойынша Көрме туралы буклеттер мен басқа да жарнамалық материалдар таратудамыз. Ақпарат біздің интернет-сайттарымызда үнемі жаңартылып отырады», - деді Казухиса Каваками.
Өз тарапынан Ахметжан Есімов Ұлттық компанияның AllCo. Ltd компаниясына Көрмені ілгерілету үшін қажетті консультациялық-әдістемелік көмектің барлығын көрсететінін мәлімдеді.
«Көрмеге кірушілер саны 5 миллиондай болады деп доспарланып отыр. Жапониялықтар саяхатты ұнататын ұлттардың бірі, Сіздің елден келетін қонақтар пайызы да осылай жоғары болады деп сенеміз», - деп атап көрсетті Ұлттық компания басшысы.
Өз кезегінде AllCo. Ltd. президенті Жапониядан Қазақстанға және ЭКСПО-2017 көрмесіне туристер тарту тұрғысынан өз компаниясының жапониялық 2000 туристік компанияның барлығымен ынтымақтастықты бастайтындығын айтты
«ЭКСПО-2017 өзінің көкейкесті саясатымен және бірегей контентімен барлық әлем үшін өте маңызды іс-шара болып табылады. Сондықтан біздің компания бәсекелестермен бірігіп, Көрмеге жапондық туристерді бірлесіп тартуға келістік және ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елімізден ондаған мың адам келетіндігіне сенімдімін», - деді Каваками.
Естеріңізге сала кетелік, Халықаралық мамандандырылған көрме Астана қаласында 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде