- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында шикізаттық емес сектордағы өндірістің көлемі 5 есеге өсті
Қызылорда облысында шикізаттық емес сектордағы өндірістің көлемі 5 есеге өсті
«Өңіріміз ауылшаруашылықты аймақтан индустриалды-аграрлы аймаққа айналды. «Оңтүстік Құмкөл», «Ақшабұлақ», «Арыс», «Блинов» «Қоныс» және тағы да басқа 30-ға тарта жаңа мұнай кен орындарын игеру жұмыстары басталды. Тәуелсіздік жылдары ішінде аймақтағы мұнай өндіруші компаниялар 200 млн. Тоннаға жуық мұнай өндірді. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 6 есеге дейін өсті, ал аймақтағы жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 3 есеге ұлғайды. Нәтижесінде облыста өнеркәсіп өндірісінің жалпы аймақтық өнім көлеміндегі үлесі 1991 жылғы 11% көрсеткіштен бүгінгі күнге дейін 35%-ға өсті»,- деді Ринат Сұлтангереев.
Уран өнеркәсібі де қарқынды дамуда. «Хорасан-1», «Хорасан-2» және «Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарын игеру басталды. «Қарамұрын» кен орнында алтынды өнеркәсіптік өндіру, ал әлемдегі ірі кен орындарының бірі «Баласауысқандықта» ванадий өндіру жұмыстары басталды.
Бүгінде Қызылорда облысы өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны бойынша республикада көш бастап тұр. Әртараптандыру шараларының арқасында аймақ экономикасының жаңа құрылымы қалыптасып келеді. Сыр елінде соңғы 20 жылда шикізаттық емес сектордағы өндірістің көлемі 5 есеге өсті.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі