- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Энергетикалық Хартия конференциясын басқарады
Қазақстан 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Энергетикалық Хартия конференциясын басқарады
«Өзінің сессиясында Энергетикалық Хартия Конференциясы Хартия Процесіне мүше мемлекеттерге үлкен саяси қызығушылық тудыратын осы ұйымға төрағалықтың жаңа жүйесін мақұлдады. 2014 жылдан бастап мемлекеттер Конференцияны кезек пен бір-бірлеп басқаратын болады. Осылайша, Қазақстан 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалғыз төрағалық ететін алғашқы мемлекет болады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, біздің еліміз Энергетикалық Хартия Келісімін ратификациялаған және қол қойған, соған сай ҚР Мұнай және газ министрлігінің 2011 жылдың мамыр айындағы ұсынысымен «KAZENERGY» қауымдастығы Қазақстан Республикасындағы Энергетикалық Хартия негізгі құжаты бойынша келісім процесінің қатысушысы болып табылады.
Хартияны жаңғырту бағытындағы процестермен байланысты мүмкіндіктер мен тапсырмалардың қиындығын ескере отырып Қазақстан алдағы жылдарға үлкен сенімділікпен қарайды. «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жанболат Сәрсенов Никосиидегі баспасөз конференциясында «Қазақстан үшін төрағалық етіп отырған алғашқы ел атағын алу үлкен мақтаныш»,- деді.
Қазақстан Республикасы ЭХК–ға 1995 жылы қол қойып бекітті. Аталған келісімшарттың мақсаты болып ивестициялық және энергетикалық саудамен байланысты барлық қатысушы үкіметтермен және кіші қатерге жинақтайтын міндетті энергетика саласындағы құқықтық нормаларды бірыңғай ережелерді қолдану арқылы нығайту.
Энергетикалық Хартия Хатшылығы – бұл Брюсселде жұмыс істейтін халықаралық ұйым. Хатшылық Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияны қолдайды және Энергетикалық Хартия Келісімімен жүктелген міндеттердің орындалуына тиісті көмек көрсетеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру