- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: ҚР-ға Оңтүстік Кореядан инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда
Н.Назарбаев: ҚР-ға Оңтүстік Кореядан инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда
Қазақстан Президенті Оңтүстік Корея көшбасшысымен келіссөздің жемісті өткенін және іскер топтар өкілдерімен кездескенін айтты.
«Олар Қазақстанға зор қызығушылық танытып, біздің делегациямызға айрықша ықылас білдірді. Сондай-ақ тиісті құжаттарға, Корея үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық мәнін айқындайтын бірлескен мәлімдемеге қол қойылды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық маңызын атап өтіп, корей бизнесінің Қазақстан экономикасына 10 млрд долларға жуық қаражат салғанына және жаңа инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстардың жалғасып келе жатқанына назар аударды.
«Біз корей компанияларының, соның ішінде LG компаниясының газ-химия кешенінің ірі жобасына атсалысуы жөнінде әңгімелестік», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өнеркәсібінің өңдеу секторының дамып, экономиканың әртараптандырылып жатқан кезеңінде Оңтүстік Кореямен өзара іс-қимылды жандандырудың ерекше мәні бар екенін айтты.
«Бұл сапар индустриялық-технологиялық даму тиімділігін көрсететін маңызды елмен ынтымақтастығымызды тағы бір рет пысықтау үшін қажет болды», – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы өзге елдермен өзара байланыстарды жетілдірудің мақсаты ең алдымен отандық экономика үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіру екеніне назар аударды.
« Менің шет елдерге 2016 жылдың соңындағы экономикалық сапарларым жақсы нәтижелермен аяқталуда – жаңадан достар тауып, әріптестермен бірге бағытымызды айқындадық. Бұл Қазақстан экономикасының дамуына да, бүкіл халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына да пайдалы», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды