- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл жол бөлімшесі 2017-2020 жылдары вагон айналымын тәулігіне 185 вагонға дейін жеткізетін болады
Жамбыл жол бөлімшесі 2017-2020 жылдары вагон айналымын тәулігіне 185 вагонға дейін жеткізетін болады
2014 жылы темір жолдармен тасымалданған жүк айналымының көлемі 24,6 млн.тонна-шм құрады, бұл 2013 жылдан 1,05 млн тонна-шм-ға артық, бірақ 2012 жылдан – 0,2 млн. тонна-шм-ға төмен. Жолаушылар айналымы 2012 жылғы 3,9 млн. жолаушы шқ-нан 2014 жылғы 3,7 млн.жолаушы шм-ға дейін төмендеді, 2013 жылы жолаушылар айналымы 3,8 млн. жшм. құрады.
Еңбек өнімділігін арттыру, локомотивтердің пайдалану паркін азайту, олардың орташа тәуліктік жүріп өткен шақырымын арттыру үшін 2014 жылдан бастап алғаш рет конструкциялық жылдамдығы 120 км\сағат құрайтын KZ8A сериялы бірлесе шығарылған локомотивтер пайдаланылуда, осының есебінен Мойынты-Шу учаскесі бойынша салмағы 5800-6100 тонналық ауыр салмақты поездардың тоқтаусыз жүруі қамтамасыз етілген.
Логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласында Шу-Алматы-1 теміржол учаскесінде электрлендіре отырып екінші жолдар салу жобасы іске асырылуда, мұнда 49 шақырым басты жолдар салынатын болады, бұл учаскенің өткізу қабілетін тәулігіне 68 жұп поездға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
2014 жылдан бастап «ЕвроХим-Тыңайтқыш» ЖШС-мен теміржол инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі жүзеге асырылуда, мұнда Рудничная станциясында ұзындығы 6 шақырым жол салу, Заводская станциясында «Казфосфат» ЖШС меншігіндегі жолдарды Жаңатас станциясына теміржол арқылы қоса отырып, 5 шақырым жол салу жалғастырылуда.
«Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағында енгізілетін өндірістерге қызмет көрсету мақсатында Жамбыл жол бөлімшесі 2017-2020 жылдары вагон айналымын тәулігіне 185 вагонға дейін жеткізуді жоспарлап отыр, - деп айтты спикер.
Жамбыл жол бөлімшесінің бұдан арғы жұмысы «MultiRai» ақпараттық жүйесімен поездардың қозғалыс кестесімен және қалыптастыру жоспарымен; вагонның өнімділігін және оның статистикалық жүктемесін ұлғайту есебінен, жүк таситын вагон паркін пайдаланудағы шығыстарды қысқарту есебінен 1 вагонның кіріс деңгейін 90 836 теңгеге (өсім 3%) арттырумен; экспорттық қатынастағы жүк тиеуді 28%-дан 40%-ға ұлғайтумен байланысты болады,- деп сөзін түйіндеді Әлішер Бегалыұлы.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары