- Басты
- Жаңалықтар
- Қала мен ауыл мектептерінің білім беру сапасында теңсіздік бар – БҒМ
Қала мен ауыл мектептерінің білім беру сапасында теңсіздік бар – БҒМ
«Қазіргі таңда мектептегі білім беру жүйесінде еліміздегі 7 698 күндізгі мемлекеттік мектептерінде 2,5 млн. бала оқиды. Осыған қарамастан қала мен ауыл мектептерінің білім беру сапасында теңсіздік бар. Апаттық жағдайдағы мектептердің 93%-ы мен спорт залы жоқ мектептердің 80%-ы ауылдық жерлерде орналасқан», - деді еліміздің Бас ұстазы.
Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі жоғары деңгейдегі ұстаздардың үлесі 11,5%-ды құрайды. Бұл қаладағы көрсеткіштен екі есеге аз. Алайда еліміздегі мектептердің 75 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан.
«Аталмыш мәселені шешу үшін министрлік тарапынан келесі мәселелер қабылданды. Апаттық және үш ауысымды мектептердің құрылысына қажеттіліктердің картасы дайындалды. 2014 жылдан бастап республикалық бюджеттен 50 мектепті салу жоспарланған. Сонымен қатар, өңірлердегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қарастырылған. Бар-жоғы 3 жылдың ішінде 146 мектеп салынып, 2016 жылға қарай апаттық жағдайдағы мектептер саны 2 есеге азаяды. Бұларға қосымша ауылдық мектептерде жаңадан түрленген сыныптар ашылады»», - деді Аслан Сәрінжіпов.
Оның айтуынша, Қазақстанда мектептердің кадрлық әлеуетін арттыру көзделген, соның ішінді бірінші кезекте ауылдық мектептер қарастырылған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы