• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада 1169 пәтер жыл соңына дейін апатты үйлердің қожайындарына беріледі

Астанада 1169 пәтер жыл соңына дейін апатты үйлердің қожайындарына беріледі

10 Қараша, 2016 18:54
«Елорда даму» ЖШС қала әкімдігінің бөлімшелерімен бірлесіп 2016 жылдан бері апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда даму» ЖШС пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 5 204 пәтерден тұратын жалпы ауданы 375 мың м2  44 тұрғын үйді пайдалануға тапсырды, оның ішінде жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрайтын 1 638 пәтер ақысыз негізде коммуналдық меншікке берілді және қайта инвестициялауға 27,0 млрд. теңге бағытталды.

Биыл ауданы 189 мың м2 құрайтын 3 284 пәтерді тапсыру жоспарланған. Соның ішінде апатты үйлердің иелерін көшіру мақсатында 10,2 млрд. теңгеге жалпы ауданы  57,7 мың м2 болатын 1 169 пәтерді коммуналдық меншікке ақысыз негізде беру жоспарланған.

Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауданы 141,2 мың м2 болатын 1 849 пәтерге есептелген 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Тапсырылған үйлердің жалпы ауданының 54 мың м2 болатын 1 049 пәтер апатты үйлердің тұрғындарын көшіру үшін коммуналдық меншікке ақысыз негізде беріледі.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 8 122 пәтерге есептелген жалпы ауданы 408,7 мың м2 болатын тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Үстіміздегі жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 784 пәтерге есептелген жалпы ауданы 51,3 мың м2 болатын келесі нысандардың құрылысы аяқталған:

Барлық жаңалықтар