- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Жоғарғы Соттың судьясын сайлап, Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы хаттаманы ратификациялады
Сенат Жоғарғы Соттың судьясын сайлап, Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы хаттаманы ратификациялады
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сенаторлар сондай-ақ Гүлнар Мергенованы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлады. Оның кандидатурасын Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы негізінде Мемлекет басшысы ұсынған болатын. Жан-жақты талқылай келіп, Палата 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.
«Бұл Хаттамамен 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізіледі, оның мақсаты Байқоңыр қаласында тіркелген салық салушыларды қосарланған салық салу мәселелерін реттеу болып табылады», - деді Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ольга Перепечина. Хаттамаға сәйкес, Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстанның өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстанның өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелінетін жағдайда нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады.
Одан басқа, Байқоңыр қаласының аумағында немесе Қазақстанның өзге аумағында жұмыс істеу және қызмет көрсету барысында, егер бұл аумақ жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындау орны болып танылатын жағдайда жанама салықтар өндіріліп алынады. Отырыс барысында сенаторлардың депутаттық сауалдары жария етілді. Бекмырза Еламанов– Қызылорда облысындағы Арал аудандық ауруханасының құрылысына қаржы бөлу туралы; Икрам Адырбеков– үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, әскери білім беру мен мамандар даярлау жүйесін жаңғырту туралы; Жабал Ерғалиев – Ақмола облысындағы Еңбекшілдер ауданына Біржан салдың есімін беру туралы; Аңсар Мұсаханов – Алматы облысындағы Балқаш ауданы аумағында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи қорығын құру қажеттігі туралы; Ертарғын Астаев – Жамбыл облысындағы инфрақұрылым нысандары құрылысына қаржы бөлу туралы; Қуаныш Айтаханов – Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептер санын көбейту туралы сауалдарды жария етті.
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар