- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Корея 640,2 млн доллардың 20 келісімін жүзеге асырды
Қазақстан мен Корея 640,2 млн доллардың 20 келісімін жүзеге асырды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы хабарлағандай, бизнес-форумның жұмысына қос тараптан 350 компанияның өкілдері қатысты. Бизнес-форумның шеңберінде келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективалары талқыланды: фармацевтика, инфрақұрылым, құрылыс индустриясы, машина жасау, сауда, қаржы, туризм.
Бизнес-форум барысында денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, қаржы, сауда, туризм және тағы басқа салаларда жалпы сомасы 640,2 млн. АҚШ доллары болатын жобалар бойынша 20 келісімге қол қойылды.
Қол қойылған ірі құжаттардың ішінде: «Қазақстан Республикасында 350 млн. АҚШ доллары сомасына «Нефертем» фармацевтикалық және медициналық-биологиялық зауыттар кластерін құру туралы Меморандум», «SEOHA» Акционерлік компаниясы мен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің арасында сомасы 150 млн. АҚШ доллары болатын ынтымақтастық және өзара ықпалдастық туралы Меморандум», және «Сомасы 80 млн. АҚШ доллары болатын 504 төсек-орынға есептелген медициналық емхананың құрылысына инвестиция тарту үшін Қазақстан-Корея консорциумын құру туралы Меморандум бар.
Бүгінде Қазақстанда өндіріс, сауда және қызмет, құрылыс, агроөнеркәсіп кешені, консалтинг және қаржы, жер қойнауын пайдалану және геологиялық барлау салаларында 465 оңтүстіккореялық кәсіпорын жұмыс істейді, бұған қоса, химия өнеркәсібі, энергетика, машина жасау, медицина, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тау-кен-металлургия кешені, инфрақұрылым және жеңіл өнеркәсіп салаларында 27 бірлескен кәсіпорын бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы