БЖК: Алматыда 10 айда 249 жоба қолдауға ие болды

11 Қараша, 2016 08:49
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы республикалық бюджеттен 3,2 млрд. тенге бөлінді. Ағымдағы жылдың 10 айының ішінде 249 жобаға қолдау көрсетілді, деп хабарлады қала әкімдігі.

Өткен жылмен салыстырғанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жобаларының саны 2,5 есеге, алынған несиелер қоржыны мен субсидиялар көлемі – 2 есеге артты.

Бұдан басқа, Үкімет қабылдаған 2020 жылға дейін қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы және Алматы қаласы әкімдігінің ауқымды жұмысы әлемдік брендтерді тартуға және қызмет көрсету саласын жақсартуға мүмкіндік берді.                        

Алматыда 7 998 орны бар қонақүйлерінің 136 орналастыру  нысандары жұмыс істейтінін атап өтеміз.  Орындардың орташа бағасы 12 300 теңгені құрайды.

Екінші бесжылдықтың Кәсіпкерлікті қолдау Картасына пайдалану кезеңіне 11 000 жұмыс орындары құрыла отырып, сомасы 175 млрд. теңгені құрайтын  барлығы 80 жоба кіреді, оның ішінде, қазіргі уақытта оның 26 жобасы іске қосылған.


 

Барлық жаңалықтар