АДБ ҚР-дағы бизнесті дамыту кедергілерінің проблемаларын айтты

10 Қараша, 2016 13:36
Қазақстанда мен Орталық Азиядағы бизнес ашудағы кедергілер туралы Қазақстандағы Азия дамыту банкі өкілдігінің директоры Джованни Каппанелли Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестіңV бизнес-форумы барысында.

«Азия  даму банкі  жеке секторды дамытуға ден қойған. Біз Қазақстанда «Даму» қорымен  құрған ынтымақтастығымызға қуаныштымыз.  Біз шағын және орта бизнесті   соңғы бес жылда  500 млн долларға қаржыландырдық. Біз қарыздың үш траншын қолданып, «Даму» қоры ұсынған ке,сте бойынша жүзеге асырдық. Біз Қазақстандағы  2 мың ШОБ-ты қаржыландыру  жүргіздік. Сондай-ақ,  5 мың жұмыс орнын құруға  мүмкіндік бердік. Біз Қазақстанмен орнатқан ынтымақтастыққа ризамыз», - деді ол.

Айта кетейік, Елордада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестіңV бизнес-форумы өз жұмысын бастады. Форумға ұйымға мүше 34 мемлекет пен бақылаушы ел өкілдері қатысып жатыр. Шараны ұйымдастырушылар – ҚР Ұлттық экономика министрлігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және АӨСШК хатшылығы.

Маңызды жиында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, «Даму» қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Азия Даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, АӨСШК атқарушы директоры, елші Гун Цзяньвэй, Қытай сауда палатасының машина жасау және электронды өнімдердің импорт және экспорты жөніндегі президенті, АӨСШК Іскерлік кеңесінің төрағасы Ч.Юйцзин және басқа да халықаралық сарапшылар сөз сөйлейді. Жалпы бизнес-форумға АӨСШК-ке мүше 34 ел мен бақылаушы ел өкілдері қатысып жатыр.

Мәжіліс қорытындысы бойынша «Даму» қоры мен «МСП корпорациясы» АҚ (Ресей), «Беларусь кәсіпкерлерді қаржылай қорғау қоры» және Моңғолияның шағын және орта кәсіпкерлік қоры арасында, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП мен Моңғолия шағын және орта кәсіпкерлік қоры арасында меморандумға қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, жиын барысында «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау – АӨСШК елдерінің тәжірибесі» атты және «Микроқаржыландыруды дамытудың аймақтық үрдістері» тақырыбында форумдар ұйымдастырылмақ.

 

Барлық жаңалықтар