• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Финляндия сыртқы істер ведомстволары желісі бойынша тәжірибе алмасады

Қазақстан мен Финляндия сыртқы істер ведомстволары желісі бойынша тәжірибе алмасады

10 Қараша, 2016 14:52
ҚР СІМ жауапты хатшысы Анарбек Қарашев Финляндияның СІМ мемлекеттік хатшысы Петер Стенлудпен Хельсенкиге қазақстандық сыртқы істер ведомствосының өкілдері жасаған сапар аясында кездесті.

А. Қарашев  фин тарапына  Қазақстанда өткізіліп жатқан институционалдық реформалар мен Ұлт жоспары «100 нақты қадам» туралы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жүйесі мен кәсіптік мемлекеттік аппарат туралы ақпараттандырды, деп хабарлады СІМ.

«Тиімді шешімдер мен  үздік тәжірибелермен бөлісу және идеялар мен ресурстар бірігуі саласында ерекше қызығушылық танытып отыр», - деді А.Қарашев.

Ол СІМ-нің Финляндияның сыртқы істер министрлігімен тәжірибе алмасуға  дайын екендігін айтты.

Өз кезегінде, П.Стенлуд қазақстандық тарапты  Финляндияның мемлекеттік қызмет саласындағы  персоналмен басқару жүйесімен таныстырды. Сондай-ақ, фин дипломаттарын тиімді дайындау әдістерін айтты. 

Барлық жаңалықтар