- Басты
- Жаңалықтар
- “Astana Piano Passion” байқауының жүлде қоры 60 000 АҚШ долларына артты
“Astana Piano Passion” байқауының жүлде қоры 60 000 АҚШ долларына артты
« Астана қаласы әкімдігі және “Accosdi di Astana” Қоғамдық қоры атынан байқауды ұйымдастырушылар жүлде қорын арттыру жайлы шешімді, 2014 жылдың мамыр айында өтетін “Astana Piano Passion” классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауын өткізуге арналған мәжлістен соң қабылдады. Жүлде қорын арттырудың себебі байқау талаптарының өзгеруіне байланысты болды, енді кіші, орта, үлкен жасаралық санаттар бойынша 1,2 және 3 орын алған шәкірттердің ұстаздары 1000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай жүлдені иеленетін болады. Бұрын әр жас санаттары бойынша 1 орын алған шәкірттің ұстазы ғана ақшалай марапатқа ие болатын», - делінген хабарламада.
Осылайша, ұйымдастырушылар ұстаздарды байқауға қатысушыларды ғана дайындамай, лайықты лауреаттарды дайындауға ынталандырамыз деп сенеді. Байқау қатысушыларының дайындық деңгейін арттыру, “Astana Piano Passion” байқауының кәсіби мәртебесі мен абыройын асқақтата алады, демек бұл, Астана қаласына әлемнің әр елінен келетін фортепиано өнерінің жас жұлдыздарын, дарынды балалар санын арттыра түседі.
Естеріңізге саламыз, 2014 жылы 10-16 мамыр аралығында Қазақстанның астанасында “Astana Piano Passion” Екінші Халықаралық классикалық музыка фестивалі және жас пианисттер байқауы өтеді. Байқаудың көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының құрметті төрағасы – Ресейдің халық әртісі Денис Мацуев.
Байқаудың негізгі мақсаты –өз шығармашылық жолынының қалыптасу кезеңіне алғаш қадам басқан жас дарын иелерін қолдай отырып, орындаушылық өнер әдістерімен халықаралық алмасу және Қазақстандағы фортепианолық мектептер дәстүрлерін нығайту. Байқауға әлем елдерінің 18 жасқа дейінгі пианисттері қатыса алады. Қатысушылардың өнерін халықаралық беделді қазылар алқасы бағалайтын болады, қазылар алқасы құрамы кейінірек белгілі болмақ.
Байқауға қатысу қатысушылардан еш бір төлемақыны талап етпейді. Ұйымдастыру комитеті Екінші кезең және Финалға қатысушылар мен оларды алып жүруші кісілердің Астана қаласында жүріп тұруы мен тұратын жерінің барлық шығындарын өз мойнына алады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді