- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Д.Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Н.Назарбаев Д.Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды
9 Қараша, 2016 18:07
Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Д.Трампты құттықтап, биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.
«Сіздің басшылығыңызбен Америка Құрама Штаттары дүние жүзінде тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтау және өсіп-өркендеу жолында тірек болып қала беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Елбасы Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы әріптестігіміздің маңызды кезеңіне айналатынына сенім білдірді.
«Біз Кеңес жұмысына елеулі үлес қосып, АҚШ-пен барлық өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға әзірміз», – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа табыс тілеп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Қазақстанға келген шетел азаматтарына пандемияға байланысты қандай жеңілдік қарастырылды -
COVID-19:Ұлыбритания келесі аптада вакцинациялауды бастайды, ал Макрон мен Меркель Еуропа елдерін бірыңғай саясат ұстануға шақырды -
Қазақстанға келетін авиажолаушыларға қандай талаптар қойылады -
Тоқаев қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды -
Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға COVID-19 індетімен күресуге келді -
Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді -
Сапарбаев жамбылдық шаруаларды ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға шақырды -
Жақыныңа жанашыр бол: Вирус жұқтырған елордалық халықты санитарлық талаптарды сақтауға шақырды -
Бас прокуратура арандатуларға ермеуге шақырды -
Тоқаев қазақстандықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды -
Балалар үлкендерді мейірімді әрі қамқоршы болуға шақырды -
С. Омаров ОА елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерін ынтымақтасып жұмыс істеуге шақырды