- Басты
- Жаңалықтар
- ҰБТ-да «Алтын белгіні» қорғау қажет емес - БҒМ
ҰБТ-да «Алтын белгіні» қорғау қажет емес - БҒМ
Нұрбек Оршубеков 2004 жылдан бері қолданыста болып келген ҰБТ формасы бойынша бірқатар статистикалық мәліметтерді келтіріп, оның мектеп түлектерін қорытынды мемлекеттік аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу емтихандарын қиыстырғанын атап өтті. Сонымен қатар ол 2004 жылдан бастап ҰБТ мақсаттылығы мен объективтілігі туралы пікірталастардың толастамай келгенін жеткізді.
Ескі модель мен «жанды» емтихандарды жақтаушылардың алға тартқан субъективті факторлары туралы баяндап, Нұрбек Оршубеков БҒМ-нің 2013 жылдан бастап осы мәселені жан-жақты зерделеп, педагогикалық және ата-аналар қауымдастықтарымен, сондай-ақ мектеп бітірушілермен көптеген кездесулер өткізіп келгені туралы айтты.
Сонымен қатар, министрлік қоғамдық сауалнама жүргізді. Оған 10 мыңнан астам мұғалім, ата-ана, түлектер, үкіметтік емес ұйымдар тартылып, нәтижесінде ҰБТ-ға қатысты маңызды проблемалар анықтауға септігін тигізді.
Біріншіден, қоғам ҰБТ-ны тек қана жоғары оқу орнына түсу емтиханы ретінде қабылдағаны анықталды. ҰБТ алғашқы күнінен бастап, өзінің қорытынды аттестаттау функциясын орындамай отыр. Тестілеуге ешқашан 100 пайыз түлектер қатысқан емес. Және де жыл сайын оған қатыспайтын балалардың саны 30 пайызға жетіп, артуда.
Министрлік жүргізген ауқымды талдамалық жұмыс аясында өңірлерге шыға отырып мұғалімдермен, білім саласы мамандарымен және ата-аналармен 30 кеңес өткізілді. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде, ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы шешім қабылданды.
Қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек. Қорытынды аттестаттау мектепте 5 пән бойынша (4 – міндетті және 1 – таңдау бойынша), мектептегі оқыту бейіні ескеріле отырып (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт) өткізіледі.
Түлектер барлық емтихандарды мектепте тапсырады.
Мектептерде осындай емтихандар қазіргі уақытта да өткізіліп келеді – оны ҰБТ-ға бармайтындардың тапсырып жүргені мұғалімдер мен оқушыларға мәлім. Атап өтерлік өзгеріс сұрақтарды кімдердің дайындауында болғанына байланысты – бұрын тест сұрақтарын облыстық білім басқармалары дайындаса, енді бұл міндет Ұлттық тестілеу орталығына жүктелмек. Тест сұрақтары негізінен дайын.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау