ЕАЭО-да тұқымның ортақ нарығы құрылуда

10 Қараша, 2016 09:34
ЕЭК коллегиясы Еуразиялық экономикалық кеңес аясындағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын қолдану келісімінің жобасын мақұлдады.

Құжат Одақта дақылдардың   сорттық және  сапалық түрлерін анықтау әдістерін  қолдануды қарастырады, өзге  қатысушы елдер тарапынан келген  сорттардың бірыңғай реестрін құру, тұқымдардың сапасы туралы  құжаттарды өзара  қабылдауды қарастырады, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сорттар мен тұқым өсіру шаруашылығы саласында заңнаманы үндестіру шараларын қабылдау қарастырылған.

Келісім жобасын Комиссияның кезекті отырысында қарап, Одақ елдеріне  ішкімемлекеттік үрдістерді жүргізу үшін бағыттайды.

«Келісімге қол қою  өзара сауда саласында кедергілерді жоюға мүмкіндік беріп, импорт тәуелділігін төмендетіп, жоғарысапалы дақыл мен жаңа сорттарды енгізу уақытын қысқартады», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар