- Басты
- Жаңалықтар
- МӘМС Қорына аударылатын мемлекет жарнасының мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды
МӘМС Қорына аударылатын мемлекет жарнасының мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды
"Заң жобасы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін аударымдар мен жарналардың төлеу мерзімін өзгертуді, осыған байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің барлық процестерінің іске қосылуының мерзімін өзгертуді қарастырады", - деді Т.Дүйсенова.
Осылайша, мемлекеттің Қорға аударатын жарнасының мерзімін 2017 жылғы 1 шілдеден 2018 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру ұсынылып отыр.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, жеке тұлғалардың Қорға төлейтін аударымдары мен жарналарының мерзімін 2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 1 шілдеге ауыстыру жоспарланып отыр.
«МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төленетін ақы 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады. Сондай-ақ, МӘМС жүйесіндегі жеке тұлғалардың «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңының 5,6, және 7 баптарында қарастырылған медициналық көмек алу мен денсаулық сақтау ұйымын таңдау құқықтары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырыла бастайды», - деді Тамара Дүйсенова.
Сонымен бірге, аталған заң жобасы интернат санатына жатпайтын орта білім беру ұйымдарындағы оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді білім беру жүйесінен денсаулық сақтау, яғни, емханаларға беру бойынша «Білім туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 18 қарашада ҚР Президенті Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру шаралары аясында жасалған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына қол қойды. Аталған құжат үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және әрбір адамның ынтымақты жауапкершілігінің негізінде медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді қарастырмақ.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау, оқушылардың сапалы және қолжетімді, аурулардың алдын алуға бағытталған медициналық көмек қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтарда бекіткен ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесіндегі мектеп медицинасын әрі қарай дамыту қарастырылған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты