Мемлекет басшысы Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді

9 Қараша, 2016 15:09
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Сеул қаласына келді. Сапар аясында ел Президенті Пак Кын Хемен кездесу өткізу көзделген. Мемлекеттер басшылары келіссөздер аясында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және Қазақстан мен Корея қарым-қатынасының басты аспектілерін талқылайды, сондай-ақ оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев іскер топтар өкілдерімен кездеседі және жергілікті университетке барады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар