- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңының жобасы 2021 жылға дейінгі экономиканың даму болжамына сәйкес алдағы үш жылдыққа арналған елдің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асырудың негізгі бағыттарын көрсетеді.
«Бүгін қабылданған үш жылдық бюджет жобасы Президенттің барлық тапсырмаларын орындауға жәрдемдеседі. Тура бір ай бұрын Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкімет алдына жаңа міндеттер қойып, негізгі басымдылықтарды анықтап, жақын арада бірнеше бағдарлама дайындауды тапсырды. Оның ішінде ШОБ-қа өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тарту бойынша арнайы бағдарлама – ол 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ні жаңғыртудың жаңа бағдарламасы, «Нұрлы жер» бағдарламасы. Біз аталмыш бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша негізгі әдістерді дайындап қойдық», - деді Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев.
Республикалық бюджет кiрiстерiне келсек, 2017 жылы 138,1 млрд теңгеге немесе 3,3 пайызға артып, 4 338,2 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткiш 2018 жылы – 4 562,3 млрд, 2019 жылы – 4 877,2 млрд теңге болады.
Республикалық бюджет шығыстары 2017 жылы 8 564,4 млрд теңге немесе жалпы iшкi өнiмнің 17,7 пайызы. 2018 жылы 8 370,6 млрд теңге немесе жалпы iшкi өнiмнің 16,2 пайызы, 2019 жылы 8 751,2 млрд теңге немесе жалпы iшкi өнiмнің 15,8 пайызы. Республикалық бюджет жобасында әлеуметтiк салаға арналған жалпы шығыстар 11 662,3 млрд теңгенi, оның iшiнде 2017 жылы 3 567,3 млрд теңгенi құрайды.
2017 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемiне қарағанда әлеуметтiк блок 41,7 пайызды құрайды. Яғни, бюджет жобасы барлық әлеуметтiк мiндеттемелердi, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтiк қолдау бойынша бiрқатар жаңа шараны орындауды қамтамасыз етедi. 2018 жылы 42,8 млрд теңге, 2019 жылы – жыл сайын 1,4 млн адамды қамтып, 45 млрд теңге шығыстарымен жаңа форматта атаулы әлеуметтiк көмек енгiзу.
Әлеуметтiк осал топтарға берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерi 15,6 пайызға көтерiледі, осы мақсаттарға қосымша қажеттiлiк 2018 жылы 29,3 млрд теңгенi, 2019 жылы 31,3 млрд теңгенi құрайды.
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт үш жылға 2 880,0 млрд. теңге немесе қолданыстағы тұжырымдамаға сәйкес оны қалыптастыру және пайдалану 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде айқындалды.
Ұлттық қордан нысаналы трансферт 2017 жылы 441,6 млрд. теңгені (1,2 млрд АҚШ долларын) құрайды, ол 720 млрд. теңге (2 млрд. АҚШ доллары) сомада Ұлттық қорды басқару кеңесі бұрын мақұлдаған көлемінен 278,4 млрд. теңгеге азайтылған.
Индира Кауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы