- Басты
- Жаңалықтар
- ЖҚЖК 2020 бағдарламасын іске асыруға 2017 жылы 37 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарлануда
ЖҚЖК 2020 бағдарламасын іске асыруға 2017 жылы 37 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарлануда
«Бюджет жобасының ірі блогы дағдарысқа қарсы әрекет ету шараларына бағытталды. Жұмыс орындарын, сондай-ақ өңірлерді дамыту жағдайларын сақтау және жасау және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін бюджет жобасында бірқатар бағыттар бойынша қажетті шығыстар көзделген», - деп мәлімдеді министр.
Оның айтуы бойынша, алдағы кезеңде Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жәрдемдесу бойынша жұмыс жалғасады. Оны іске асыруға жыл сайын 47 мың азаматты қамти отырып, үшжылдық бюджетте - 113,5 млрд теңге, соның ішінде 2017 жылы 37,3 млрд теңге жұмсау жоспарлануда.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде үш жылға - 46,1 млрд теңге, соның ішінде 2017 жылы 22,1 млрд теңге көзделген. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға 2017 – 2019 жылдары 385,4 млрд теңге, соның ішінде 2017 жылы 238,6 млрд теңге сомасында келесі бағыттар бойынша қаражат жұмсау жоспарлануда: «Ақ бұлақ» 35,4 млрд теңге қалалық және ауылдық сумен жабдықтау және су тартуға, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» 143,4 млрд теңге, соның ішінде Ұлттық қордан 103,4 млрд теңге», - деп түсіндірді ол.
Одан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту аясында жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта құру мен салуды несиелендіру мен субсидиялауға 54 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.
Индира Қауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді