• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2017 жылы бюджет шығыстарының 42 пайызға жуығы әлеуметтік салаға тиесілі болады

2017 жылы бюджет шығыстарының 42 пайызға жуығы әлеуметтік салаға тиесілі болады

9 Қараша, 2016 13:14
2017 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлеміне қарағанда әлеуметтік блок 41,7%-ті құрайды, деді Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыста Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

«Бюджет жобасы ағымдағы барлық әлеуметтікміндеттемелерді, сондай-ақ азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар жаңа шараларды орындауды қамтамасыз етеді. 2018 жылы мыналар:  2018 жылы 42,8 млрд. теңге, 2019 жылы – жыл сайын 1,4 млн. адамды қамтумен 45 млрд. теңге шығыстарымен жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек енгізу», - деді Б.Сұлтанов.

Министр айтқандай,  ең төмен күнкөріс минимумы құрылымын тағамдық емес тауарлар үлесін 40%-тен 45%-ке өзгерту. Нәтижесінде ең төмен күнкөріс минимумы 15,6%-ке ұлғаяды және абсолютті мәнде 28 284 теңгені құрайды.

«Тиісінше мүгедектік бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасының келуі бойынша, ата-аналарға, қамқоршыларға, мүгедек балаларды тәрбиелейтіндерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 15,6%-ке көтерілетін болады, осы мақсаттарға қосымша қажеттілік 2018 жылы 29,3 млрд. теңгені, 2019 жылы – 31,3 млрд. теңгені құрайды», - деді ол.  

Сонымен қатар, бюджет жобасында әлеуметтік төлемдерді болжанатын инфляция деңгейіне, ал ең төменгі зейнетақы мөлшерін 9 пайызға индекстеу қарастырылады.

Министрдің сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға бюджет жобасында уәкілетті министрліктің шығыстары шеңберінде 3 189,9 млрд. теңге көзделеді.

Оның ішінде 2017 жылы шығыстар ағымдағы жылмен салыстырғанда 226,2 млрд. теңгеге немесе 28,7 пайызға ұлғайып, 1 013,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл бағытта тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтай отырып, әлеуметтік медициналық сақтандыруға өту қаралады.

Білім беру саласын қаржыландыруға бюджет жобасында 972,9 млрд. теңге көзделеді, оның ішінде 2017 жылы  393,1 млрд. теңге.

Мәдениет пен спортты дамытуға алдағы үш жылға шығыстар сомасы 179,3 млрд. теңгені, оның ішінде 2017 жылы  70,2 млрд. теңгені құрайды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар