Алматыда «Kazfranch 2013» көрмесі өтеді

9 Желтоқсан, 2013 11:40
Ертең Алматыда «Kazfranch 2013» көрмесі ашылады, деп «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының» баспасөз қызметі хабарлады.

«Шарада стендер, дөңгелек үстелдер мен тұсаукесерлер өткізу жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «KazFranch-2013» - франчайзингтік қатысушылар алаңы. Кәсіпкерлікті дамыту институттары мен қаржы институттары өкілдері мен кәсіпкерлік ұйымдардың бас қосатын орны.

Көрменің ұйымдастырушылары «ДАМУ» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» және «Бәйтерек» Ұлттық Басқарма холдингі».

 

Барлық жаңалықтар