• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сауд Арабиясы Ана мен бала орталығына 3,5 млн доллардың қондырғысын тарту етеді

Сауд Арабиясы Ана мен бала орталығына 3,5 млн доллардың қондырғысын тарту етеді

9 Қараша, 2016 12:37
Сауд Арабиясы Астанадағы Ана мен бала орталығына 3,5 млн доллардың қондырғысын тарту етеді, деді ҚР-ның Сауд Арабиясындағы және Бахрейн Корольдігіндегі Өкілетті және Төтенше елшісі Батыр Батыршаев Сыртқы істер министрлігінде.

 «Корольдіктің Астанадағы қайтарымсыз  қаржылық көмек көрсету есебінде ҚР Парламент Сенатының мекемесі – 12 млн долларға, Осакаровка – Вишневка тас жолы – 12 млн долларға, Семейдегі балалардың туберкулезге қарсы диспансері – 7 млн долларға салынып,  Б.Момышұлы атындағы Кадет корпусына  1 млн доллардың көмегі көрсетілді. Қазіргі таңда Астанадағы «Ана мен бала орталығы» үшін  3,5 млн доллардың  қондырғысын Салман Королінің гуманитарлық көмек орталығы тарапынан  жүзеге асыру  қолға алынды», - деді дипломат.

Ол айтып өткендей, Сауд Арабиясының  бастамасы бойынша қазіргі таңда  Астанада осы елдің нышанын көрсететін ірі нысанның  құрылысын бастау мәселесі қаралуда.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар