Бахрейн Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спорт кешенін салмақ

9 Қараша, 2016 12:29
Бахрейн Астанада мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спорт кешенін салады, деп хабарлады ҚР Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Батыр Батыршаев ҚР сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

«Қазіргі уақытта Бахрейн үкіметінің атынан құны 10 млн АҚШ долларын құрайтын «Қайсар» спорттық мақсаттағы нысаны құрылысының жобасын пысықтау жүріп жатыр», - деп хабарлады Б. Батыршаев.

Дипломаттың айтуы бойынша, нысан мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорттық мақсаттағы нысан болады.

«Қазір мәселе талқылануда, техникалық-экономикалық негіздеме дайындау қажет. Бұл спорт кешені Астанада орналасады», - деп қосты ҚР-ның Бахрейндегі елшісі.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар