• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Батыршаев: Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі Сауд Арабиясының маңызды серіктесі (ФОТО)

Б.Батыршаев: Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі Сауд Арабиясының маңызды серіктесі (ФОТО)

9 Қараша, 2016 12:17
Корольдік Қазақстанды Еуразиялық кеңістік пен Орталық Азияда үрдістеріндегі экономикалық және саяси негізгі қатысушы, халықаралық аренадағы маңызды серіктесі ретінде қарастырады, деді ҚР-ның Сауд Арабиясындағы және Бахрейн Корольдігіндегі Өкілетті және Төтенше елшісі Батыр Батыршаев Сыртқы істер министрлігінде.

«Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына жасайтын әрбір сапары – екі ел қарым-қатынасының жаңа биігі. Жақындағы сапар Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдығы мен  дипломатиялық қарым-қатынастың  22 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Келіссөздердің күн тәртібі  кеңейтілген түрде өтіп,  халықаралық  және өңірлік қарым-қатынастың мәселелері мен халықаралық аренадағы екіжақты үйлестіру  мәселделерін  қамтып өтті», - деді Б.Батыршаев.

Дипломат айтып өткендей, Сауд Арабиясы ислам және араб әлемінің жаһандық ойыншысы болып саналады.

«Корольдік  Біріккен Ұлттар Ұйымында жетекші рөлге ие,  Ислам Ынтымақтастық ұйымы, Араб елдерінің лигасы, Парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесі, Мұнай экспорттаушылар ұйымы елдері, Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта қру және даму банкі құрылтайшысы мен   G-20 мүшесі болып табылады», - деді ол.

Елшінің айтуынша, Корольдік Қазақстанды Еуразиялық кеңістік пен Орталық Азиядағы  үрдістердегі экономикалық және саяси негізгі  қатысушысы және халықаралық аренадағы маңызды серіктесі ретінде қарастырады.

«Екі ел арасында тығыз достастық пен өзара сыйластық  бар. Бұндай қарым-қатынас Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  тұлғалық беделі мен Королдікке артқан сенімінің нәтижесінде қалыптасты. Біздің көшбасшы «Ұлы Бадр Орденімен» марапатталған болатын», - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  24-25 қазанда  ресми сапармен Сауд Арабиясында болды.

Ботагөз Айтжанова

Сурет:  Азамат Әлиев

 

Барлық жаңалықтар