Н.Назарбаев Хиросимадағы Кенотафқа гүл шоғын қойды

9 Қараша, 2016 10:28
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік мемориалды саябағында болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы осы саябақтағы 1945 жылы атом бомбасынан құрбан болғандарды еске алуға арналған Кенотафқа гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Бейбітшілік мемориалды музейінің экспозициясын аралап көрді.

 

Барлық жаңалықтар