- Басты
- Жаңалықтар
- Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 15,8 пайызға көбейді
Қазалы ауданында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 15,8 пайызға көбейді
Өңірде Елбасы тапсырмасына сай орындалып жатқан жобалар туралы аудан басшысы кеңінен мағлұмат беріп, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін басты ірі жобалар мен жоспарларын таныстырды.
Аудан әкімінің баяндамасынан белгілі болғандай ағымдағы жылдың 9 айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде 15,8 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 3,2 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 3,0 пайызға жолаушылар тасымалы 9,6 пайызға артқан.
Қазіргі таңда өзекті тақырып ретінде аудандағы елді мекен тұрғындарын толғандыратын ауыз су, электр, газбен қамту, жол мәселелерін шешу туралы жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы басталған жалпы құны 6 млрд теңгені құрайтын Әйтеке би кентін газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде 1347 тұрғын үй газ желісін, 45 елді мекеннің 31-і орталықтандырылған су құбырын пайдаланады. Ауыз су аудан көлемінде тәулік бойы берілуде.
«Көптен бері өңірде шешімін күтіп келген маңызды сұрақтың бірі көпір мәселесі жуық арада оң шешімін тапты. Тұрғындар өзеннен өту үшін осы кезге дейін жеңіл жүктерге арналған пантон көпірлерді пайдалануға мәжбүр болып келген болатын. Келесі жылы жаңа көпірдің құрылысын жүргізу үшін бюджеттен 600,0 млн теңге бөлінді», - дейді Нәжмәдин Шамұратов.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Балық шаруашылығын дамыту: Қолға алынған шаралар