- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру жалғасады
Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын іске асыру жалғасады
Жұмыс тобының құрамына 156 сарапшы кірді, олар облыстың 7 ауданында: Әйтекеби, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандарында жобаның 7 бағыты бойынша жұмыс істейді, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Бұл аудандар 29 қыркүйек және 28 қазан аралығындағы кезеңде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасымен қамтылмағаны белгілі. Көрсетілген аудандардағы жұмыстар 10 қарашада басталып, 10 желтоқсанда аяқталады. Халықтың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге, облыс ауылдары мен қалаларының тұрғындарына мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру мәселелерін түсіндіруге, өңірдегі бизнес ортаны дамытуға баса назар аударылады.
Одан басқа, облыс әкімі экстремистік және террористік қызметті қаржыландыру көздерін анықтаумен және жолын кесумен айналысатын жұмыс тобын құру туралы хабарлады.
«Біздің өңірімізге Астанадан келген топ 30 күн бұрын Ақтөбеде және облыстың 5 ауданында үлкен жұмыс атқарды. Біз қалған 7 ауданда барлық бағыттар бойынша осы жұмысты жалғастырамыз. Бастысы – біз әрқашан бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. Топ қызметі кемшіліктерді анықтауға ғана бағытталмауы тиіс, негізгі міндет – оларды шешуді көздеу», - деп атап өтті Б. Сапарбаев.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ауқымды жобасы 29 қараша және 28 қазан аралығындағы кезеңде Ақтөбе облысында іске асырылды. Өңірге Астанадан 230 сарапшыдан тұратын ведомствоаралық топ кірді. Топ мүшелері жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен облыстың 145 мың тұрғынын қамти отырып, 2,6 мың іс-шара өткізді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру