• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар «Жайма» МТС» ЖШС мал өсіру кешенінде бірден 22 нысан іске қосылады

Павлодар «Жайма» МТС» ЖШС мал өсіру кешенінде бірден 22 нысан іске қосылады

9 Желтоқсан, 2013 11:13
Индустрияландыру картасы аясында Павлодар облысында мал өсіру кешенін құру бойынша 1,9 млрд теңгенің жобасы іске қосылуда, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жайма» МТС» ЖШС кәсіпкерлігі Индустрияландыру картасы аясында «Дамыған инфрақұрылымды 7000 бас қазақтың ақбас сиыры мен 2500 аналық мал басына арналған мал өсіру кешенін құру» жобасын іске асыруда. Жобаның құны 1939,3 млн. теңге», - делінген хабарламада.

Кәсіпкерлік директоры Б.Алдабергеновтың мәліметінше, 11 сиыр қорасы, комбикорм учаскісі, бидай қоймасы салынды және АҚШ пен Ресейден 800 бас етті мал басы әкеленді.

«Биыл 22 нысан іске қосылады. Соның ішінде 4-еуі қысқы қора, әкімшілік-тұрмыстық корпус, мал сою алаңы, 500 мал басына арналған жабық бордақылау алаңы, 1000 мал басына арналған ашық бордақылау алаңы бар», - деп толықтырды Б.Алдабергенов.

Мал шаруашылығын арттыру бағдарламасын орындай отырып, кәсіпкерлік баламалы қуат көзі технологиясын енгізді. Атап айтар болсақ, жел қуаты мен күн көзінен энергия алынады.

Барлық жаңалықтар