- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық өнертапқыштың өнертабысы стоматология саласындағы таңғаларлық оқиға болмақ
Қазақстандық өнертапқыштың өнертабысы стоматология саласындағы таңғаларлық оқиға болмақ
8 Қараша, 2016 20:39
Қазақстандық генетик бір рет қолданылатын шара нәтижесінде бастапқы тісжегіні тоқтатып, тіс эмалін табиғи жолмен қалпына келтіре алды. Бұл жөнінде жоба авторы Бауыржан Айтуов ОКҚ-да «Қазақстандық инноваторлар нарықтарды бағындыруда» тақырыбына өткен брифинг барысында хабарлады.
Өнімді әзірлеу және клиникалық сынақтан өткізу Ұлыбританияда жүргізілді. Қазақстандық клиникалар бірегей әзірлемені сынақтан өткізіп, Қазақстанның тіс дәрігерлері мен пациенттерінен оң пікір алуда.
«Тісжегіні емдеудің дәстүрлі әдістері кезінде тіс тазаланады немесе акрилді материалдармен бекітіледі, себебі эмальдің тісжегімен зақымдануы қалпына келтірілмейді. Әрі кетсе, тісжегіні уақытша тоқтатуға болады, бірақ емдеп шығаруға келмейді. Осы технологияның арқасында тіс дәрігерлері өз пациенттеріне эмальді табиғи жолмен қалпына келтіруді, басқаша айтқанда, жаңа эмаль «имплантаттауды» ұсына алады», - деді «Болашақ» бағдарламасы бойынша Йорк Университетінің түлегі.
«Біз пептидті Швейцарияда патенттедік», - деді Б. Айтуов.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады