• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Еуро-Азиялық елдердің метрологиялық қызметтерінің жұмысын жақындату мәселелері талқыланды

Астанада Еуро-Азиялық елдердің метрологиялық қызметтерінің жұмысын жақындату мәселелері талқыланды

8 Қараша, 2016 18:12
Астанада Мемлекеттік метрологиялық ұйымдардың еуро-азиялық ынтымақтастығы Президенті Кеңесінің 21-отырысы өтті. Іс-шара Метрологиялық ұйымды дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасы жобасын қарауға бағытталды.

Ұйым Орталық Азия, ТМД 21 елін және бірқатар еуропалық елдерді қамтиды.

«Біз өлшемдермен байланысты мәселелермен айналысамыз, өлшемдер барлық елдерде дұрыс жүргізілуі тиіс. Өлшемдер біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады», - деді КООМЕТ өңірлік метрологиялық халықаралық ұйымының президенті Владимир Крутиков.

В. Крутиков ұйымның міндеті барлық елдерде тең өлшемдерге қол жеткізу болып табылатынын атап өтті.

Тараптар еуро-азиялық елдердің метрологиялық қызметтерінің жұмысын басқа өңірлердің ұқсас қызметтерінің жұмысымен жақындату әдістерін талқылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімін, бірінші кезекте, тауарлық дақылдың сапасын бағалауға қойылатын талаптардың өскенін атап өту қажет.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар