• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

9 Желтоқсан, 2013 08:59
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының 2013 жылғы 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлады.

Кеңес барысында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдардың кешенді жоспарын орындау, алкогольды өнімдер айналымына бақылауды күшейту бойынша шараларды заңнамалық қолдау мәселелеріне баса назар аударылды.

2010-2029 жылдардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы тиімділігін арттыру мәселелеріне қатысты Үкімет басшысы «бағдарламаларға, оның ішінде заңнамалық деңгейде, оған халықтың қатысуын жеңілдететін шаралар енгізу» қажеттігін атап өтті. 

«Бұл - шешімін күткен ең басты мәселе. ТКШ-ты жаңғыртуда мемлекет пен халықтың қатысуынсыз шынайы реформа жасау мүмкін емес, бұл жерде тиісті орындау тетіктері қажет»,-деді С.Ахметов. 

Кеңесте сондай-ақ АЭА қызметі тиімділігін көтеру мәселелері, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларына, өздігінен төгіліп жатқан және мұнай скважиналарын су басуды жою жобаларына даму институттарының, зейнетақы қорларының, қаржы ұйымдарының қаржыларын тарту бойынша мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды. 

Үкімет басшысы ұлттық және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу үшін кадрларды сапалы іріктеудың қажеттігіне назар аударды. Бұл саладағы ресейлік және белорустық әріптестердің табысты тәжірибесін атап өткен С.Ахметов «КО, БЭК және ДСҰ шеңберіндегі жұмыстарға байланысты интеграциялық мәселелермен шұғылданатын мемлекеттік органдарды институционалдық нығайтудың нақты тетіктерін жасауды» тапсырды.

Кеңесте сондай-ақ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары жобаларын жүзеге асыру бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы есеп тыңдалды.

Кеңесті қортындылай келе, Үкімет басшысы «жекелеген мемлекеттік органдар басшыларының мейлінше межелі жұмыстарды атқаруда тапсырманың белгілі бір бөлігін жүйелі орындағанын» атап өтті. Сонымен қатар, бірқатар бағыттар бойынша айрықша көңіл бөліну қажет, мемлекеттік органдар басшыларының Мемлекет басшысы тарапынан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған барлық мәселелерді толық бақылауға алулары керек. «Олардың бәрі орындалуы тиіс»,-деп түйіндеді С.Ахметов.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар