- Басты
- Жаңалықтар
- 2012 жылдан бері Қазақстанда ағзаларды транспланттау бойынша 1 мыңнан астам ота жасалды
2012 жылдан бері Қазақстанда ағзаларды транспланттау бойынша 1 мыңнан астам ота жасалды
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараты бойынша, 1011 отаның ішінде бүйрек – 793, бауыр – 170, жүрек – 41, өкпе – 5, ұйқы безі – 2. Сонымен бірге, балалардың гемопоэтикалық бағаналық жасушаларын 41 транспланттау отасы жасалды.
Жыл сайын әлемде 100 мыңнан астам адам ағзаларын ауыстыру және 200 мыңдай жасушалар мен тіндерді транспланттау жасалады. Оның негізгі бөлігі бүйрек, бауыр, жүрек, ұйқы безі болып табылады.
Айта кету керек, Қазақстандағы транспланттау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүргізіледі. Қазіргі таңда ағзаларды ауыстыру бойынша оталар республиканың 10 медициналық ұйымдарында жасалады. Егер 2012 жылы ағзаларды транспланттаудың 65 отасы жасалса, 2014 жылдан бастап жыл сайын 200-ден астам ота жасалып келеді.
«Қайтыс болғаннан кейінгі ағза доноры мен транспланттауды дамыту мақсатында 2012 жылы республикада транспланттауды үйлестіру жүйесі құрылды. Бүгінде халықты ағзаларды донациялауға өмірлік келісім беру туралы хабардарлығын арттыру; кадаврдан (мәйіттік донор) транспланттауды дамыту; туыс және туыс емес донордан ағзаларды және сүйек кемігін транспланттау және «донорларды, рецепиенттер мен транспланттауды күтіп жүрген адамдарды тіркеу» бірегей ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыстар атқарылып келеді», - деп нақтылады ведомствода.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі