- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкент мектептерінде электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесін енгізу жоспарлануда
Шымкент мектептерінде электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесін енгізу жоспарлануда
«Білім жүйесін автоматтандыру» тақырыбында ұйымдастырылған «Мектепішілік электронды бақылау жүйесі» SCC компаниясы мен «Баланы балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде орнату мен қабылдау жүйесі» КДС Азия компаниясының және «Мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесі» IT-invest group компаниясының өкілдері қатысып, өз жобаларын таныстырды.
Естеріңізге салар болсақ, Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес, қаланың білім беру мекемелерінде мектепішілік электронды бақылау жүйесін, балабақша мен мектептің бірінші сыныбына баланы электронды түрде орнату жүйесін, және мұғалімдерді электронды түрде тағайындау жүйесін ендіру мақсаты қойылған болатын.
Мектепішілік электронды бақылау жүйесі оқушы-ата-ана-мектепті қамтыған үш жақ арасындағы байланысты нығайтып, оқушылардың оқу үлгеріміне, мектептен тыс уақытын бақылауға оң септігін тигізеді деп күтілуде.
Балабақша мен мектептің бірінші сыныбына баланы электронды түрде орнату жүйесі арқылы, ата-аналарға, барлық мектептер мен мұғалімдер туралы мағлұматты бір тізімде көру және салыстыру арқылы ең тиімділеріне өтініштерін электронды түрде беруге және бақылауға болады. Сонымен қатар, ата-аналарға балаларын тұрғылықты тіркелу мекен-жайына тәуелсіз түрде, қалауындағы мектепке арнайы бөлінетін квоталық орындарға түсіру мүмкіндігі туады. Әрі, ізденушінің тұрғылықты тіркелген мекен-жайына қарасты мектепті анықтау мүмкіндігі беріледі.
Мұғалімдерді тағайындаудың электронды жүйесі арқылы үміткерлер, мектептерде пайда болған бос орындарға өтініштер мен тиісті құжаттарын электронды түрде тапсыра алады. Осы арқылы бос орындардың саны мен үміткерлердің тізімі электронды порталда жарияланатын болады. Жүйе арқылы үміткерлердің бос орынға тағайындалу конкурсының ашықтығы қамтамасыз етіледі.
Енгізіліп жатқан инновациялық жүйелердің қолданылуы, қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер тарапынан, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді көрсететін, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қазан айында ашылған «Фронт-офис» қызметінің аясында жүзеге асырылатын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді