- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ дәрілерге бағаның көтерілуі туралы пікір айтты
ҚР ДСӘДМ дәрілерге бағаның көтерілуі туралы пікір айтты
«Министрлік дәрілік препараттарға қолжетімділікті және олардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында, бірқатар іс-шаралар өткізуде, ең алдымен, бұл дәрілік заттарды елге әкелу кезіндегі олардың сапасын қамтамасыз етумен, яғни тіркеу рәсімімен байланысты мәселелер. Тіркеу рәсімдері кезінде бізде арнайы әзірленген нормативтік-құқықтық база, ұлттық сараптама орталығы бар, осы жерде сапаны бақылау мәселелерінен басқа әлемдік нарықтардағы бағаларды талдау жұмысы жүргізіледі. Биылғы жылдан бастап біз Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында бір орталықтан сатып алынатын препараттар үшін референттік баға белгілеуді енгіздік», - деді Е. Біртанов.
Вице-министрдің айтуы бойынша, биылғы жылы бір орталықтан сатып алу есебінен едәуір үнемдеуге қол жеткізілген.
«Дәрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың едәуір көлемі әр түрлі себептерге байланысты біздің елімізде шығарылмайды және баға мәселесі де орын алады. Осы мәселені реттеу үшін біз осы жылы шетелдік өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттарға көшеміз, онда баға белгіленіп, келісімшарт қолданыста болған кезең ішінде сақталып тұрады. Әрине, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіледі. Бүгінгі таңда олардың дәрілік препараттарды жалпы сатып алудағы үлесі едәуір өсіп келеді, дәрі-дәрмек бойынша олар бір орталықтан сатып алуда 26%-ға жетті. Бұл отандық өндірушілерде теңгемен алғандағы баға тұрақтылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп қосты Е. Біртанов.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды