- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Бишімбаев: Экономикадағы бәсекелестік ортаны дамыту үшін салалық заңдарға «ревизия» жүргізу қажет
Қ. Бишімбаев: Экономикадағы бәсекелестік ортаны дамыту үшін салалық заңдарға «ревизия» жүргізу қажет
Министр өзінің баяндамасында Қазақстанда ЭЫДҰ-ның стандарттарына сәйкес келетін заңнама бар, бірақ бәсекелестіктің деңгейі төмен екенін атап өтті. Бишімбаевтың пікірінше, оның себебі көбіне бәсекелестіктің базалық қағидаттарына қайшы келетін салалық заңнама нормаларымен байланысты.
«Нәтижесінде, бәсекелестіктің заңды негізде дамуы үшін базалық нарықтарда жаңа субъектілердің кіруі үшін әкімшілік, экономикалық, техникалық және басқа еңсерілмейтін тосқауылдар жасалған», - деді министр.
«Біздің бұдан кейінгі міндетіміз кәсіпкерлікті дамыту үшін орындарды арттыру мақсатында бұдан әрі Тізбеде мемлекеттің қызмет түрлерін орынды қысқарту болып табылады», - деп хабарлады Бишімбаев.
Монополияға қарсы заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес келтіру маңызды қадам болды. Қазақстан ЭЫДҰ Бәсекелестік комитетіне қатысушы болған Орта Азиядағы алғашқы ел болып табылады.
ЭЫДҰ жүргізген Қазақстандағы бәсекелестік заңнамасына және саясатына шолу нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындалды. Олар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда көрініс тапты.
«Біз өзіміздің бұдан соңғы жұмысымызды жаңартылған заңнаманы іс жүзінде қолданумен, бәсекелестік туралы заңнаманы бұзушылықтарға төзбейтін орта жасаумен байланыстырамыз», - деп қорытындылады Бишімбаев.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда