• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Сағынтаев денсаулық сақтау саласында МЖӘ қағидаларын белсенді қолдануды тапсырды (ФОТО)

Б. Сағынтаев денсаулық сақтау саласында МЖӘ қағидаларын белсенді қолдануды тапсырды (ФОТО)

8 Қараша, 2016 12:56
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаларын қолдану туралы тапсырма берді, деп хабарлады primeminister.kz.

«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселесі өте маңызды, ол «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысының бақылауында, Президент осы мәселе туралы әр кез сайын айтады. Сол себепті де, неліктен ұзақ қаралып жатқаны туралы, мерзіміне қатысты тағы да қарап шығу қажет. МЖӘ бойынша инвестициялық жобалар тізбесін құру керек, бұл осы секторды дамыту үшін, мемлекеттік тапсырма аясында бизнестің мемлекеттік қолдауды қолдану арқылы табыс таба алатын саласы. Сондықтан да мұнда біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестік формасын қолдануымыз керек», - деді Б. Сағынтаев.

Айта кетейік, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – өзара тиімді шартта қоғамдық маңызды міндеттерді шешудегі мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл жасауының жиынтық формасы.

Сурет: Шыңғыс Қаппаров 

Барлық жаңалықтар