• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да ұшқыштарды тексеретін медицина қызметкерлеріне кәсіптік міндеттерін орындамаған жағдайда айыппұл салу ұсынылды

ҚР-да ұшқыштарды тексеретін медицина қызметкерлеріне кәсіптік міндеттерін орындамаған жағдайда айыппұл салу ұсынылды

8 Қараша, 2016 12:51
ҚР Парламентінің Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтуде, оның барысында депутаттар ұшқыштарды ұшу алдында тексеретін медицина қызметкерлеріне кәсіптік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін айыппұл белгілеу туралы ұсыныс жасады.

Заң жобасы ҚР-ның азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске түзету енгізу ұсынылады. Медициналық сарапшылар медициналық куәландыру жөніндегі талаптарды орындамаған жағдайда оларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу. Бір жыл ішінде бұзушылық қайта орын алған жағдайда 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салу.

Жұмыс тобының отырысы барысында депутат Тарас Хитуов айыппұлдарды 2 есе төмендетуді ұсынды.

Алайда, депутаттардың осы ұсыныс бойынша пікірлері екіге бөлінді. Осылайша, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов айыппұлдарды бұрынғы деңгейінде қалдыруды ұсынды, себебі «кейінгі 2014-2016 жылдар үшін дәрігерлік-ұшу сараптамалық комиссиялары тарапынан 130 жасыру жағдайы орын алған».

Пікірталас қорытындылары бойынша, жұмыс тобының депутаттары айыппұлдарды бұрынғы деңгейінде қалдырды.

Барлық жаңалықтар